Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

«ҚазАвтоЖол»: Бірнеше өңірде көлік қозғалысы тоқтады

Фото: baq.kz
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы ауа райының нашарлауына байланысты бірқатар өңірде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Ұлытау облысында «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолының 759–788-шақырымы (Жаңаарқа кенті — Қарағанды облысы шекарасы) жабылды.

Ақмола облысында келесі бағыттарда қозғалыс шектелді:

  • «Астана — Қорғалжың» (19–124-шақырым);
  • «Көкшетау — Атбасар» (47–184-шақырым);
  • «Астана — Қабанбай батыр — Нұра — Теміртау» (35–51-шақырым);
  • «Астана — Қарағанды — Алматы» (30–92-шақырым, «Жібек жолы» ПВП — Қарағанды облысы шекарасы).

Қарағанды облысында бірнеше республикалық маңызы бар жол учаскелері жабылды. Олардың қатарында «Астана — Қарағанды — Алматы», «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті», «Қарағанды — Аягөз — Тарбағатай — Бұғаз» бағыттары бар.

Павлодар облысында «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті», «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» және «Қалқаман — Баянауыл — Үміткер — Ботақара» автожолдарының бірқатар учаскелерінде қозғалыс уақытша тоқтатылды. Сонымен қатар «Қалқаман» жолайрығында (кентке кіреберіс және Астана бағытына шығар жол) шектеу енгізілді.

Шығыс Қазақстан облысында Осинов асуы аумағында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысына уақытша тыйым салынды. Шектеу «Өскемен — Алтай — Катонқарағай — Рахман қайнары» автожолының 46–66-шақырымында (Северное ауылы — Серебрянск қаласы) қыс аяқталғанша сақталады.

Жүргізушілерге алыс жолға шықпас бұрын жолдардың жағдайын нақтылап, қауіпсіздік талаптарын сақтауға кеңес беріледі.