ШҚО-да кәсіпкер кенді заңсыз қазып, Қытайға өткізген

Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданындағы «Глинковское» кен орнында кәсіпкер пайдалы қазбаларды заңсыз өндірген.

Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігі хабарлап отыр.

Агенттік мәліметінше, компанияның лицензиясы тек геологиялық барлау жүргізуге ғана берілген. Алайда соған қарамастан, темір құрамды тау жынысы өнеркәсіптік көлемде өндіріліп, қайта өңделіп, ішкі нарыққа және Қытай Халық Республикасына сатылған.

Заңсыз жұмыстар барысында ауыр техника қолданылып, бұл қоршаған ортаға айтарлықтай зиян келтіріп, жер бедерінің бұзылуына және топырақтың тозуына себеп болған.

Тергеу дерегіне сәйкес, заңсыз өндірілген кен көлемі 70 мың тоннадан асқан, ал қылмыстық табыс 1 миллиард теңгеден көп. Аталған қаражатқа күдіктілер бизнес-орталық, Алматыдағы пәтер, Range Rover автокөлігі, екі автотұрақ орны мен екі жер телімін сатып алған. Сот санкциясымен бұл мүліктерге тыйым салынды, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да