Алматыда қала мектептерінің бірінде үш оқушы сабақты тоқтату мақсатында жарылғыш құрылғы орнатылғаны туралы жалған хабар таратты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
ҚР терроризмге қарсы күрес орталығының мәліметінше, хабарлама расталмады, қауіп-қатер анықталған жоқ. Қазіргі уақытта осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Жасөспірімдердің құқық бұзушылықты саналы түрде жасағаны анықталды. Қазақстан заңнамасына сәйкес, кәмелетке толмағандардың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — делінген хабарламада.
Терроризмге қарсы күресу орталығы мамандары ескертеді: «Мина қойылғаны немесе лаңкестік шабуыл қаупі туралы кез келген жалған хабарлау заң бойынша қатаң жауапкершілікке әкеледі».
