Не болды?
Қазақстанның ЖИ платформасын құруға Қытайдың 01.AI компаниясы үлес қосады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Қытайдың 01.AI компаниясы мен Қазақстанның ЖИ министрлігі бірлесіп, наурызда кәсіпорын құрады. Бұл кәсіпорын ұлттық жасанды интеллект платформасының операторы болады.
Жасанды интеллектіні дамыту арқылы әлемдік деңгейдегі мамандармен байланыс орнатып, серіктес атануға болады. 01.AI компаниясымен бірге кәсіпорын құрудағы мақсатымыз да осы, — деді үкімет отырысында ЖИ және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.
Анықтама
01.AI – қытайлық компания. Оның негізін қалаушы – Кай-Фу Ли, бұрын Google-дың Қытайдағы бөлім басшысы болған.
YI-34B – компаниядағы басты ЖИ моделі. Бұл ашық ЖИ модельдің ерекшелігі ChatGPT-ге ұқсас құрылған.
Контекст
Естеріңізге сала кетейік, әлемнің үздік ІТ-мамандары Қазақстанға келеді. Кейінгі бес жылда IT-қызметтер экспорты 15 есеге артқан. Биылғы 18 қаңтардан бастап жасанды интеллект жасаған кез келген өнімнің арнайы «таңбасы» болуы шарт.
