Астана – Гуанчжоу арасында тікелей әуе рейстері ашылады

Не болды?

Air Astana компаниясы Астана – Гуанчжоу бағыты бойынша тікелей әуе рейсін ашады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Көлік министрлігінің мәліметі бойынша, Астанадан Гуанчжоуға тікелей әуе рейстері 2026 жылғы 2 маусымнан бастап ашылады. Рейске Airbus A321LR үлгісіндегі әуе кемелері аптасына екі рет шығады.

Гуанчжоу – Қытайдың ең ірі мегаполистерінің бірі, сауда және өнеркәсіп орталығы. Сондықтан әуе қатынасы екі ел арасында экономика және туризм бойынша серіктестік орнатуға ықпал етеді.

Контекст

Естеріңізге сала кетейік, биыл SCAT әуе компаниясы Шымкент – Санкт-Петербург бағыты бойынша тікелей рейс ашады. Жазда Qazaq Air әуе компаниясы жазда Балқашқа ұшатын күнделікті рейстерді іске қосады. Былтыр 30 желтоқсанда Алматы – Чэнду бағытындағы рейстер ашылған еді.