Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев үкіметтің кеңейтілген отырысында IT саласының дамуын баяндады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Министрдің айтуынша, кейінгі бес жылда IT-қызметтер экспорты 15 есеге артты, ал IT-нарықтың жылдық кірісі 2 триллион теңгеге жетті. Сонымен қатар сала жоғары жалақылы жұмыс орындарын қалыптастырып жатыр: орташа жалақы елдегі деңгейден шамамен екі есе жоғары. Astana Hub экожүйесі отандық және шетел компаниялары үшін тартымды болып, IT-сала дамуының негізгі катализаторына айналды.
Жаслан Мәдиев Higgsfield стартапының жетістігін мысалға келтіріп, Қазақстанда unicorn жобалардың уақыт келгенін атап өтті.
Елімізге зерттеушілер, инженерлер және технологиялық кәсіпкерлер қажет. Осы мақсатта біз әлемнен таланттарды іздеу және тарту бағдарламасын іске қосып жатырмыз. Мысалы, Telegram-мен бірлесе Қазақстанға ең мықты спорт бағдарламашыларын тартамыз. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Astana Hub инфрақұрылымы елдің барлық аймағына жеткізілді. Оны кеңейту, сонымен қатар таланттарды іздеп табу және Қазақстан бойынша стартаптарды қолдау жұмыстары жалғасады. Бұл ретте Аlem.ai орталығы ерекше рөл атқарады, – деді Жаслан Мәдиев.
