Басты бет / Жаңалықтар /
Алматы, коронавирус, маска, зейнеткер, ауа райы, қыс
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Қазақстанда орташа зейнетақы 143 мың теңгеден асты

2025 жылы зейнетақы төлеуге 4,2 триллион теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлап отыр.

Оның ішінде базалық зейнетақыға – 1 трлн 368,4 млрд теңге, ал ынтымақты зейнетақыға – 2 трлн 856,6 млрд теңге бөлінген. 2025 жылдың қорытындысы бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 143 143 теңге болды. Оның ішінде:

  • ынтымақты зейнетақы – 95 549 теңге,

  • базалық зейнетақы – 47 594 теңге.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде базалық зейнетақының ең төменгі мөлшерін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ына, ал ең жоғарысын 120%-ына дейін кезең-кезеңімен арттыру көзделген.

Осыған байланысты, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері күнкөріс минимумының 70%-ына дейін өсіп, 32 360 теңге болды. Ал ең жоғары мөлшері 110%-ға дейін ұлғайып, 50 851 теңге болды.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап бюджеттен төленетін зейнетақылар 10%-ға артады. Нәтижесінде:

  • базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 35 596 теңгеге,

  • ең жоғары мөлшері 60 005 теңгеге дейін өседі.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram