Басты бет / Жаңалықтар /
Бұршақ ауа райы
Фото: Wallpaperup.com

19 мамырдағы ауа райына болжам

Кей жерлерде тұман бақыланып, желдің күшеюі болжануда, республиканың солтүстігінде үсік сақталады

Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, күндіз Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, облыстарыныңкей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді, түнде Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-23 м/с жетіп, бұршақ жаууы мүмкін.

Түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 0-5 градус үсік күтіледі.

Күндіз Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Астана қ: аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел ауыспалы 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +2+4°С, күндіз +18+20°С болады.

Алматы қ: көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады, найзағай болады. Желдің күші 2-7, найзағай кезінде желдің екпіні 10 м/с боладыі. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +20+22°С болады.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook