EXPO-2017 көрмесіне орай Алматыда тәртіп күшейтілді

Арнайы профилактикалық шара ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында қолға алынып отыр. Мақсат – қаладағы қоғам тыныштығын қатаң қадағалап, қылмыстың алдын-алу, заңсыз миграция жолына тосқауыл қойып, қару-жарақ және есірткі саудасымен айналысатын адамдарды қатаң жазалау.

Салтанат Әзірбек, қалалық ІІД ресми өкілі: «Сонымен қатар тіркелген қару-жарақтың иелерін тексеруді қолға алатын боламыз. Бұл олардың тарапынан қандай да бір құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында жасалады».

Дереккөз24.kz