Не болды?
Енді Қазақстан азааттары әскери қызметке жарамдылық дәрежесі туралы анықтаманы еGov электрондық үкімет порталынан ала алады. Бұл туралы қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Мәлімет
Жаңа функция азаматтың әскери қызметке қатынасы, әскери есептегі жай-күйі, әскери қызмет өткеру кезеңдері, әлеуметтік төлем алуға мүмкіндік беретін мәліметтерін жүктеуге, жіберуге және басып шығаруға мүмкіндік береді.
Бұл ақпаратты алу үшін eGov порталының жеке кабинетіне кіріп, «Әскери қызмет» бөлімінде «Жүктеу» батырмасын басу керек.
Контекст
Естеріңізге салайық, әскерге шақырылғандар енді әскери бөлімді таңдай алады. Қорғаныс министрлігі MyArmy.kz порталын іске қосқан еді.
