Egov мобайл қолданбасында «Кредиттік және сақтандыру тарихы бойынша нұсқаулық» атты жаңа сервис іске қосылды. Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ хабарлап отыр.
Цифрлық құжаттардың қатары негізгі орта және жалпы орта білім беру туралы аттестатпен толықты. Ол енді eGovMobile қолданбасындағы "Bilim" жаңа қызмет көрсету сервисінде қолжетімді.