Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Әскерге баратындарға қандай көмек беріледі?

Фото: Ақорда

Не болды?

Үкімет басшысының орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин депутат Ардақ Назаровтың ресми сауалына жауап берді. Онда министр мемлекет әскерге баратындарға қандай көмек беретінін мәлімдеді.

Мәлімет

Серік Жұманғариннің айтуынша, Қазақстанда әскери қызметке баратын азаматтарға бірқатар артықшылықтар беріледі. Олар мынадай:

  • жауынгерлік даярлық бағдарламасын меңгергенде үздік нәтиже көрсеткендерге жоғары оқу орнында оқуға мемлекеттік білім беру грантын бөлу (биыл 2 300 грант бөлінді);
  • мерзімді әскери қызметтен шығарылғаннан кейiн екі жыл iшiнде ҰБТ нәтижесiн ескермей, ақылы негізде оқуға, оның ішінде магистратураға түсу мүмкіндігі;
  • оқудың бірінші жылы жатақханадан орын алғанда құқығын басым ету;
  • әскери қызметті мемлекеттік білім беру гранты есебінен білім алатынына орай, жұмыс арқылы өтеу;
  • бастапқы әскери даярлыққа оқытушы болып жұмысқа орналасу мүмкіндігі (педагогикалық білімі болса);
  • мерзімді әскери қызмет кезінде жүргізуші куәлігін бере отырып, «С», «D», «СЕ» және «DЕ» санаттары бойынша жүргізушілерді даярлықтан өткізу мүмкіндігі. 

Оған қоса, банктер, микрокредиттік және коллекторлық ұйымдар әскерге кеткендердің негізгі қарыздары мен сыйақы төлемдерін кейінге шегеруге міндетті. Бұл тәртіп әскери қызмет мерзімі бойы және қызмет аяқталғаннан кейінгі 60 күнге дейін қолданылады.

Мақалаға реакция