Не болды?
Әскерге шақырылғандар енді әскери бөлімді таңдай алады – Қорғаныс министрлігі MyArmy.kz порталын іске қосты. Порталды іске қосу Sarbaz+ пилот жобасы аясында жүзеге асырылып жатыр.
Мәлімет
Қорғаныс министрлігі әскерге шақырылғандар өз бетінше міндетті әскери қызметтен өтуге арналған өтінім жібере алатын жаңа MyArmy.kz интернет-порталын іске қосты. Әзірге портал тек Алматы облысы бойынша істеп тұр. Тіркеу мен құжат рәсімдеу онлайнға көшеді, бұл адами фактордың ықпалын төмендетуге тиіс.
Сайтта әскерге шақырылғандар жергілікті әскери басқару органдарына бармай-ақ, мерзімді немесе келісімшарт қызметке өтуге өтінім бере алады. Жиі қойылатын сұрақтармен таныса алады және кері байланыс формаларын қолдана алады.
Портал қалай жұмыс жасайды?
Сайтта әскерге шақырылғандарға толтыруға арналған өтінім үлгісі белгіленген. Өтінім үш кезеңнен өтеді: «өтінім берілді», «өңделіп жатыр», «мақұлданды» немесе «қабылданбады».
-
«Берілді» — өтінімнің жергілікті әскери комиссариатқа қабылданғанын және тексеріліп жатқанын білдіреді.
-
«Өңделіп жатыр» — тексеру аяқталғанын және үміткердің тұрғылықты жері бойынша әскери комиссариатқа медициналық комиссиядан өтуге келуі қажет екенін көрсетеді.
Бұл кезеңді жылдамдату үшін үміткерге алдын ала тапсыруға тиіс талдаулар мен анықтамалардың тізімі беріледі.
Медициналық комиссиядан өткеннен кейін және барлық үміткердің жеке қасиеті зерттелген соң өтінім мәртебесі «мақұлданды» немесе «қабылданбады» болып өзгереді.
Алматы облысында іске қосылды
Sarbaz+ пилот жобасы Алматы облысындағы 78460-шы әскери бөлімде өңделіп жатыр. Үміткерлер Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде іріктеледі. Жоба сәтті басталса, портал қызметін қарулы күштердің басқа да әскери бөлімдерінде енгізу жоспарланып отыр.
Контекст
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әскерге шақыру науқаны басталғаны, кім кейінге қалдыра алатыны, ал жалтарғандардың жазасы қандай болатыны туралы жазған едік.
