Елде тегін ем алатын науқастар саны артады: жаңа тізім бекітілді

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда әлеуметтік мәні бар аурулар тізімі жаңарып, кеңейеді. Бұл туралы Астана әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Жаңартылған тізімге енгізілген азаматтар мемлекет есебінен тегін медициналық бақылау, дәрі-дәрмектер мен зертханалық талдауларды ала алады.

Жаңа тізімге мына аурулар кіреді:

  • Туберкулез

  • ВИЧ-инфекция

  • Созылмалы вирустық гепатиттер мен бауыр циррозы

  • Қатерлі ісіктер

  • Психикалық және мінез-құлық бұзылыстары

  • Алғашқы 6 айдағы миокард инфарктісі

  • Жүйке жүйесінің дегенеративтік аурулары

  • ОЖЖ демиелинизациясы

  • Сирек кездесетін аурулар

  • Эпилепсия

  • Инсульт (бір жылға дейін)

Денсаулық сақтау саласының мәліметінше, тізімнің жаңартылуы ауруларды ерте анықтау мен емдеуді жақсартып, науқастарды әлеуметтік қорғауды күшейтуге бағытталған.