«ҚазАвтоЖол»: Бірнеше облыста жолдар әлі ашылған жоқ

Қазақстанда 24 қараша күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар облыста жолдарда қозғалыс шектеулері әлі де күшінде.

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы хабарлап отыр.

Ұлттық компанияның мәліметінше, 23 қараша күні Ақмола облысында ауа райы жақсарып, республикалық маңызы бар «Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы» автожолының 19-231-шақырымында барлық көлік түрі үшін жылдамдық режимі 80-нен 110 км/сағ-қа дейін көтерілді.

Алайда үш облыста шектеулер сол күйінде қалды:

  • Павлодар облысында «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының бірқатар учаскесінде барлық көлік түріне қозғалыс уақытша тоқтатылды. Қалқаман ауылынан Астана бағытындағы жүріс Береке «Қалқаман – Ақсу» айрығы арқылы, ал Павлодардан Қалқаманға қозғалыс «Баянауыл» айрығы арқылы ұйымдастырылған.

  • Солтүстік Қазақстан облысында «Тимирязево – Сарыкөл – облыс шекарасы» автожолының 0-30-шақырымында барлық көлік түріне шектеу бар.

  • Шығыс Қазақстан облысында Осинов асуында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы уақытша тоқтатылды. Шектеу «Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары» трассасының 46-66-шақырымына қатысты.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да