«Астана Тазалық» қысқы маусымға дайындықты жариялады

«Астана Тазалық» ЖШС KazTraffic-2025 халықаралық көрмесінде қалалық санитарлық қызметтің цифрлық жаңалықтарын ұсынып, елорданың қысқы маусымға дайындығы туралы хабарлап отыр.

19–21 қарашада Астанада ҚР көлік министрлігінің қолдауымен өтіп жатқан XXI KazTraffic-2025 көрмесіне Қазақстан, Қытай, Түркия, Италия, Франция, Канада, Өзбекстан және басқа да елдерден 300-ден астам компания қатысып жатыр. Іс-шара жол құрылысы, инфрақұрылым және салалық технологиялар бойынша ең ірі алаңдардың бірі саналады.

Көрме барысында «Астана Тазалық» қалалық санитарлық қызметтің цифрлық трансформациясын таныстырды. Кәсіпорын әзірлеген мониториң жүйесі GPS-бақылау, жанармай шығыны, цифрлық жол парақтары және маршруттарды талдау құралдарын бір платформаға біріктіреді. Қазіргі уақытта бұл жүйе қаланың 440 техникасына енгізіліп, есептілікті автоматтандыруға, жанармай шығынын бақылауға және маршруттық жоспарлауды оңтайландыруға мүмкіндік беріп отыр.

407599128110794514aad22474166849 «Астана Тазалық» қысқы маусымға дайындықты жариялады
Фото: «Астана Тазалық» ЖШС

Сонымен бірге электрондық жол парағы техниканың техникалық жағдайын онлайн бақылауға, қызметкерлердің күнделікті медициналық тексерісін қадағалауға және құжат айналымын жеңілдетуге жол ашты. Қауіпсіздік шараларын күшейту үшін «Med365» және «Адал Чек» онлайн-медтексеру жүйелері қолданылады.

Көрмеде алғаш рет балалар мен жасөспірімдерге арналған экологиялық Tazalike оқыту ойыны таныстырылды. Интерактивті өнім қаланың санитарлық жүйесімен таныстыруға, қоқысты дұрыс сұрыптауды үйретуге және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.

KazTraffic-2025 көрмесіне қатысу «Астана Тазалық» кәсіпорнының инновациялық технологияларды енгізу және қаланың санитарлық-экологиялық стандарттарын арттыру жөніндегі тұрақты ұстанымын көрсетеді. Компания атқарған жұмыс Астананың қауіпсіз әрі қолайлы мегаполис ретінде дамуына ықпал етеді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да