Қайрат Нұртас «Қалыңдық» фильмінде басты рөлде ойнайды

Қазіргі уақытта фильмнің 80%-ы түсіріліп болған.

«Менің қызымды алып қашып кетеді. Артынша оны құтқарамын. Қазір өмірде не болмай жатыр?! Жастарға сабақ болсын деген оймен осы туындыны түсіріп жатырмыз. Жүсіпбек Елебеков колледжінде актерлік шеберліктен білім алғанмын. Сол себепті, сәтті шығады деген ойдамын. Өзім демеушілік етіп отырмын. Осылай болған дұрыс деп ойлаймын. Ешкімге тәуелді болмайсың. Аллаға шүкір, екі аяғым, екі қолым бар. Жұмыс істеп жатырмыз. Халықтың берекесі мен тілегінің арқасында табысқа кенеліп отырмыз», – дейді Қайрат Нұртас.

Бұл жайында «Ел аузында» бағдарламасында айтылды.

ДереккөзBaistars.kz