Қазақстанда апта бойы жауын-шашын болады

«Қазгидромет» орталығы осындай болжам жасады. Тіпті еліміздің солтүстік аймақтарында түнде ауа температурасы 0 градусқа дейін төмендейді. Мұның барлығы Батыс Сібірден ойысып келетін суық ауа ағыны салдарынан болады.

Саида Бердібекова, «Қазгидромет» инженер-синоптигі: «Солтүстік-батыс аймақтарда 0-3 градус күтілуде. Желдің жылдамдығы артып, солтүстік-шығыс аймақтарда үскірік болады. Солтүстік-батыс аймақтарда тұман байқалуы мүмкін».

Дереккөз24.kz