Алдағы күндері кей аймақта күн суытып, жаңбыр жауады

Батыс Сібірден салқын атмосфералық фронттардың ығысуына байланысты еліміздің басым бөлігінде тек жауын-шашын емес, сондай-ақ, ауа температурасының төмендеуі күтіледі.

Солтүстік өңірлерде түнгі уақытта кей жерлерде ауа температурасы 0-3 градус аязға дейін төмендеп, жаңбыр қар аралас жаңбырға ұласуы мүмкін», — деді синоптиктер.

Қазгидрометтің мәліметінше, арктикалық салқын фронттардың әсерінен 17-18 мамырда еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында қатты жаңбыр жаууы мүмкін.

ДереккөзKazhydromet.kz