Қазақстанға Финляндия президенті келеді

Келесі аптада Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Астанаға Финляндия президенті келеді. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.

28-29 қазан күндері Қазақстан президентінің шақыруымен Астанаға Финляндия президенті Александр Стубб ресми сапармен келеді, — делінген хабарламада.

Сапар аясында мемлекет басшылары келіссөз жүргізіп, екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективасын, сонымен қатар жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды.