Не болды?
ШҚО-да «Азаматтарға арналған үкімет» директоры орынбасарларының бірі басқа адамдармен бірігіп, Ұлан ауданындағы Шыбынды өзені аңғарында қымбат металдарды заңсыз өндіруді ұйымадастырып, жер қойнауын өз бетінше пайдаланған. Мұны Қаржы мониторинг агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті тексеріп жатыр.
Мәлімет
Олар кен орнын заңсыз игеру үшін өз бақылауындағы EastGoldStone ЖШС-ны тіркеп, соны пайдаланған.
Алтын екі жыл бойы лицензиясыз, ауыр техниканы қолданып, өзеннің табиғи арнасына араласу арқылы өндірілген.
Бұл заңсыз әрекетт нәтижесінде қоршаған ортаға келтірілген залал 300 млн теңгеден асты. Тінту барысында жалпы құны 382 млн теңге болатын 6,7 кг алтын, 10 млн теңге және 56 мың АҚШ доллары мөлшерінде қолма-қол ақша тәркіленді. Бұл қаражатты сот санкциясы бұғаттады, — делінген ҚМА хабарламасында.
Күдіктілер екі ай мерзімге қамалды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Естеріңізге салайық, былтыр жерасты шахтасына алтынды заңсыз іздеуге түскен үш адам қаза болған еді.
Ұлытауда жеті арнайы техниканы пайдаланып, алтынды заңсыз өндіргендер ұсталған болатын.
