Ұлытауда заңсыз алтын өндіргендер ұсталды

Жамбыл облысының тұрғыны Ұлытау облысында заңсыз алтын өндірген. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Оңай олжа таппақ болғандар өз ойын Жаңаарқа ауданында жүзеге асырмақ болған. Оқиға орнынан 23 адам ұсталды. Оның ішінде Жамбыл облысының 29 жастағы тұрғыны жер асты “кәсіпорнын” ұйымдастырған. Күдіктілер құрамында алтыны бар кенді ашық игеруден алған, содан кейін оны ұсақтап, жуған. Оқиға орнынан полицейлер таразы, ұсатқыш станок, құрамында алтыны бар екі тоннадан астам кен, шамамен 70 грамм алтын тәркіледі, — делінген хабарламада.

Заңсыз кен орнынан жеті арнайы техника: жүк көліктері, жүкті өзі түсіретін техникалар, экскаватор тәркіленді. Суық қару да табылған. Күдіктілердің үстінен бірнеше бап бойынша тергеу жүріп жатыр.

Әскери оқпен ату үшін қайта жасалған тапанша тәркіленді. ҚР қылмыстық кодексінің 295-1-бабы «Археологиялық жұмыстарды заңсыз жүргізу», 287-бабы «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» және 288-бабы «Салық салынатын кірісті азайту» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, — дейді полиция.