Жерасты шахтасына алтынды заңсыз іздеуге түскен 3 адам қаза болды

Биыл қазақстандық шахталарда алтынды заңсыз іздеуге түскен үш адам қаза болды. Бұл туралы Ақмола облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Степногорск өңірінің аумағында «Алтыналмас» компаниялар тобына жататын алтын өндіретін кеніштер орналасқан.

Заңда көзделген жауапкершілікке қарамастан, Степногорск аймағының аумағында жерасты шахталарына заңсыз түсу фактілері анықталған.

Кейінгі бес жылда шахталарға заңсыз кіргені үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 506-бабы бойынша 4 295 тұлға әкімшілік жауапқа тартылды, оның ішінде қайталап — 480 адам, үш реттен артық — 100-ден астам тұлға тартылды,- делінген хабарламада.