Басты бет / Жаңалықтар /
Қылмыс, тұтқындау
Фото: Glavk.info

Астанада қыздарды жезөкшелікке күштеген 14 адам ұсталды

Астананың сол жағалауындағы үш тұрғын үй кешенінде қыздарды жезөкшелікке күштеген қылмыстық топ ұсталды.

Бұл туралы ІІМ хабарлап отыр.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ішінде 14 адам бар қылмыстық топ басқа аймақтан келген. Полицияға олар туралы тұрғындар хабарлаған еді.

Жедел ақпарат пен елорда тұрғындарының шағымдарын тексеру барысында «Лазурный квартал», «Дипломат» және «Мисон» тұрғын үй кешендерінде қыздарды жыныстық қанаумен байланысты заңсыз бизнес ұйымдастырған топ анықталды. 14 адам ұсталды, ұйымдастырушылар уақытша ұстау изоляторына қамалды, — деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram