Басты бетЖаңалықтарБиыл мектепте соңғы қоңырау 25 мамырда соғылмайтын болды

Биыл мектепте соңғы қоңырау 25 мамырда соғылмайтын болды

Биыл мектепте соңғы қоңырау 11-кластар үшін 23 немесе 24 мамырда соғылады. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі хабарлап отыр.

Министрліктің мәліметінше, елімізде биылғы оқу жылын 3,9 миллионнан аса оқушы тәмамдайды, соның ішінде 217 мыңнан астам бала 11-класс бітіреді.

Өткен жылдағыдай, соңғы оқу күні — 23 мамырда еліміздің барлық мектебінде «Білімім — Отаныма» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтеді. Бұл — бүкіл білім беру жүйесі үшін маңызды шара, оқушылар мен ұстаздар оқу жылын қорытындылап, ең маңызды әрі қызық сәттерді бірге еске алады. Бірыңғай сынып сағаты оқушылардың бойында білімге ұмтылыс, патриотизм және еңбекқорлық сияқты қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған. Балалардың оқудағы әрбір жетістігі — болашағымыздың іргетасын берік етіп қалаудың негізі, — делінген хабарламада.

Биыл соңғы қоңырау күні – 25 мамыр жексенбіге сәйкес келгендіктен, 11-класс түлектері үшін салтанатты шара мектеп әкімшілігінің шешімімен 23 немесе 24 мамырда өтеді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да