Басты бетЖаңалықтарТүркияның батысында жер сілкінді

Түркияның батысында жер сілкінді

Түркияның батысындағы Кютахья қаласында магнитудасы 4,5 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы Түркияның апаттар және төтенше жағдайларды басқару басқармасы (AFAD) мәлімдеп отыр.

Ақпарат бойынша, жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 07:23-те (Қазақстан уақытымен 09:23) қаланың батысындағы Симав ауданында тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы 8,81 км тереңдікте орналасқан. Құрбандар мен қираулар туралы ақпарат жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Түркияның солтүстік-батысында 6,2 балдық жер сілкінісі болып, кем дегенде 236 адам зардап шеккен болатын.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да