Басты бет / Жаңалықтар /
Алматы қаласы, ауа райы, ауа сапасы
Фото: Алматы әкімдігі

Бүгін еліміздің 3 қаласының ауасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. Бүгін үш қаланың ауасы ластанады.

15 сәуірде Алматы, Ақтөбе, Көкшетау қалаларының ауасы ластанып, метеорологиялық жағдай қолайсыз болады, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосферадағы ауаның беткі қабатында зиян (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram