ЭКСПО көрмесі аясында «Еуразия» кинонарығы өткізіледі

Кинонарық – кино өнімі ұсынылатын, сатып алынатын және сатылатын іскерлік көрме-жәрмеңке. Егер фестиваль кино көрсетіліміне баруды қарастыратын болса, кинонарықта нағыз кино саудасы – яғни фестивальде көрсетілген фильмдерді сатып алу, сату үдерісі орын алады.

Кинокомпаниялар жаңа фильмдер мен әлі аяқталмаған кино өнімдерінің үзінділерін ұсынады. Бұдан өзге, кинонарық кәсіби білім алу алаңына айналады: продюсерлер мен режиссерлерге конференциялар, «дөңгелек үстелдер», тақырыптық пікірталастар, шеберлік сыныптары өткізіледі.

«Әлемнің барлық ауқымды кинофестивалінде дәл осы кинонарық кәсіби мамандардың үлкен қызығушылығын тудырады», – дейді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

ДереккөзAbctv.kz