Басты бетЖаңалықтарЖаңбыр, тұман, жел: 11 наурызда ауа райы қандай болады?

Жаңбыр, тұман, жел: 11 наурызда ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 11 наурызда ауа райы қандай болатынын хабарлап отыр.

Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қарағанды облысының шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ. Облыстың батысында, оңтүстігінде кей уақыттарда тұман күтіледі. Қарағанды қаласында көктайғақ күтіледі.

Таңертең және күндіз Ұлытау облысының шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында кей уақыттарда тұман. Жезқазған қаласында кей уақыттарда тұман, көктайғақ күтіледі.

Ақмола облысында түнде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Көкшетау қаласында жолдарда көктайғақ күтіледі.

Түнде және таңертең Ақтөбе облысының батысында тұман күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, орталығында тұман күтіледі.

Қостанай облысында түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде көктайғақ, тұман күтіледі.

Астана қаласында кей уақыттарда қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде және таңертең екпіні 15-18 м/с болады.

Түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Атырау қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Орал қаласында тұман күтіледі.

Түнде Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Павлодар қаласында түнде қар, күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында тұман күтіледі. Қызылорда қаласында кей уақытта тұман күтіледі.

Түнде Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қар, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі.

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Тараз қаласында кей уақытта тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында қар күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде қар, оңтүстік-батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Алматы қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі, жолдарда көктайғақ күтіледі. Қонаев қаласында түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.

Түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да