Басты бетЖаңалықтарАқсай қаласында “Халық заңгері” шарасы өтті

Ақсай қаласында “Халық заңгері” шарасы өтті

Заңды білу құқық қорғау органдары мен заңгерлердің ғана жұмысы емес. Заң талаптарын бүкіл халық білу керек. Сонда ғана халық өзінің заңды құқығы мен заңды жауапкершілігін түсінетін болады.

Бұл турасында мемлекет басшысы өзінің жолдауында «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты жолдауында заңның үстемдігін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтіп, 2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын бекіткен болатын.

Халық заңгері

“Заң және Тәртіп” қағидатын ілгерілету аясында Бөрлі ауданы ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 10 наурыз күні Ақсай қаласы Жарсуат сауда үйінде аудан тұрғындарына арналған «Халық заңгері» науқаны ұйымдастырылыды.
Кеңес беруге аудандық прокуратура, полиция, жергілікті атқарушы орган өкілдері және “Ашық көмек” қоғамдық қорының заңгері қатысты. Олар тұрғындардың талап-тілегін тыңдап, мазалаған мәселесіне қатысты кеңес берді.

Тегін құқықтық кеңес беретін «Халық заңгері» науқанында негізгі мәселелердің бірі жер қатынастарына қатысты жер кезегі, жер учаскесін заңдастыру, тұрғын үй кезегі, әлеуметтік, құқықтары бұзылған азаматтардың өздерінің құқықтарын қорғау, еңбек заңнамасының сақталуы бойынша мәселені шешу, интернет алаяқтық жөнінде ақпараттар айтылып, 40тан астам тұрғынға тегін құқықтық көмек көрсетілді.

Азаматтары заңмен қорғалған елде өмір сүріп жатқандықтан, әрбір азаматтың заңды құқығын білгені абзал. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы заңның қорғауында.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да