Бүгін наурыз айында өтетін ҰБТ басталды, ол 6 сәуірге дейін созылады. Бұл ҰБТ-ға 163 мыңға жуық адам өтініш берген. Олардың 76%-і қазақ тілінде, 23,9%-і орыс тілінде, 162 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтеді. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы хабарлап отыр.
Талапкерлер өтініш бергенде тестілеу күнін, уақытын және пунктін өздері таңдаған. Тестілеудің бірінші күні еліміз бойынша 775 адам ҰБТ тапсырады.
Ең көп таңдалған бейіндік пәндер комбинациясы – «Биология-Химия», яғни талапкерлердің 17,5%-і медицина, педагогика және ауыл шаруашылығы мамандықтарына түсуді жоспарлаған. Ал 17,1%-і «Математика-Физика», 10,5%-і «Математика-Информатика» пәндерін таңдаған. Олар — болашақ инженерлер мен IT-мамандары.
ҰБТ-дағы пәндер саны өзгермеген, яғни үш пән міндетті, ал екеуі таңдау бойынша. ҰБТ тапсырмалары саны – 120. Оның ішінде қазақстан тарихынан 20 тапсырма, оқу сауаттылығынан 10 тапсырма, математикалық сауаттылықтан 10 тапсырма және екі бейіндік пән бойынша 40 тапсырма бар. Жоғары балл – 140.
Тестілеу уақыты – 4 сағат (240 минут). Крекше білім беру қажеті бар балаларға қосымша 40 минут беріледі.
Бір айта кетерлігі, наурыздағы ҰБТ-ға шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданған, былтырғы мектеп және колледж түлектері, ҚР азаматы емес ұлты қазақ тұлғаларжәне мектеп бітіретін түлектер жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсу үшін қатысады.