Басты бет / Қоғам /
Астанадағы Ұлттық музей
Ұлттық музей ©Астана ақшамы

Жаңа оқу жылынан бастап үш пәннің сабақтары музейлерде өтеді — Ерлан Сағадиев

Министр география, дүниетану және Қазақстан тариxы пәндерін кем дегенде екі сағаттан музейлерде, жоғары оқу орындарының музейлері мен ғылыми институттарында өткізу жоспарда бар екенін айтады. Осыған байланысты еліміздегі музейлердің күзге дейін сабақ өткізуге дайын болуын ескертті. Соның ішінде оқушылар отыратын орындарды дайындап, қажетті теxникалық құралдар: проекторлар мен интерактивті тақталармен қамтасыз етілуі керек.

«Жоғары оқу орындарына қарасты зерттеу институттарының музейлерін өзіміз дайындаймыз. Бірқатар облыс әкімдерімен осы мәселе талқыланды. Бұл жұмысты өткізу үшін жергілікті әкімдермен музейлерге бару ақысын төлеу меxанизмі әзірленуі тиіс», — деді Сағадиев бүгінгі Үкімет отырысы барысында.

Білім және ғылым министрі бүгіннен бастап мәдениет және спорт министрлігімен кеңесіп, музейлерде сабақ өткізу мәселесін жан-жақты пысықтамақшы.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram

Мақалаға пікір қосыңыз

17 Пікір

  1. Г
    Гульсина 9 жыл бұрын
    Менің ойымша өте дұрыс шешім. Мекатеп оқушыларының тарихымызға, мәднеиетімізге деген қызығушылығы ашылады.
  2. А
    Айсултан 9 жыл бұрын
    Бастысы сабақ өткізуші мұғалімнің білім беру тактикасы өзгеше болу керек. Сонда ғана оқушыларымыздың білімге деген құштарлығы өсетін болады.
  3. Д
    Дамир 9 жыл бұрын
    Дұрыс шешлім. Бұл жаңашылдық мектеп оқушыларының патриоттық сезімін оятуы әбден мүмкін.
  4. З
    Зауреш 9 жыл бұрын
    Меніңше, бұл жақсы бастама. Рухани мол азық болар еді.
  5. Ш
    Шара 9 жыл бұрын
    Баланы бастаған деген атам қазақ. Сол қағиданың аясында дұрыс жұмыс бағыт жасалып жатыр деген ойдамын.
  6. Д
    Дархан 9 жыл бұрын
    Дәстүрлі оқу жүйесінен жалыға бастаған балалар үшін үлкен өзгеріс әрі ынталарына арттыра түседі.
  7. А
    аппақ 9 жыл бұрын
    ооо, ұлым енді сабаққа қуана қуана әрі асығып баратын болды ғой! Тамаша!
  8. Ж
    Жалғас 9 жыл бұрын
    тың идея екен, озық оқу үлгілерінің барлығын енгізіп жатырмыз, бәрекелді.
  9. Д
    Досым 9 жыл бұрын
    шетелдіктермен тәжірибе алмасып, тиімдісін өзімізге енгізіп жатқанымыз қандай тамаша.
  10. С
    Сакен 9 жыл бұрын
    Жақсы болыпты, бұл бастама өз жемісін береді деп ойлаймын
  11. Т
    Талгат 9 жыл бұрын
    Бұл әдіс оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады деп ойлаймын
  12. А
    Айша 9 жыл бұрын
    Міне, бұны да европалық стандартқа сай білім беру үлгісі деп бағалауға болады.
  13. А
    аноним 9 жыл бұрын
    Бұл негізінен енді мұғалімнің баланы қалай қызықтыратынына байланысты, дегенмен музейлерде өткізілетін болса қызығушылық арта түседі деген ойдамын.
  14. М
    Мұрат 9 жыл бұрын
    Керемет мүмкіндік, пайдалану керек.
  15. И
    Инабат 9 жыл бұрын
    Мысалы, тарихтан өтіп жатқан дәуір туралы айтылып, оны визуализация жасаса балаға қонымдырақ болады.
  16. Б
    Бахыт 9 жыл бұрын
    Білім сапасының артуына үлкен әсерін береді деп сенемін.
  17. Б
    Біржан 9 жыл бұрын
    Білімге үлкен мән беріліп жатқаны көрініп тұр. Сағадиев жақсы жұмыс жасап, жақсы идеялар әкеліп жатыр.