Жаңа оқу жылынан бастап үш пәннің сабақтары музейлерде өтеді — Ерлан Сағадиев

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Елбасының "Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру" мақаласында көрсетілген мақсат-міндеттер аясында жаңа оқу жылынан бастап бірқатар пәндердің музейлерде өткізілетінін айтты.

Министр география, дүниетану және Қазақстан тариxы пәндерін кем дегенде екі сағаттан музейлерде, жоғары оқу орындарының музейлері мен ғылыми институттарында өткізу жоспарда бар екенін айтады. Осыған байланысты еліміздегі музейлердің күзге дейін сабақ өткізуге дайын болуын ескертті. Соның ішінде оқушылар отыратын орындарды дайындап, қажетті теxникалық құралдар: проекторлар мен интерактивті тақталармен қамтасыз етілуі керек.

«Жоғары оқу орындарына қарасты зерттеу институттарының музейлерін өзіміз дайындаймыз. Бірқатар облыс әкімдерімен осы мәселе талқыланды. Бұл жұмысты өткізу үшін жергілікті әкімдермен музейлерге бару ақысын төлеу меxанизмі әзірленуі тиіс», — деді Сағадиев бүгінгі Үкімет отырысы барысында.

Білім және ғылым министрі бүгіннен бастап мәдениет және спорт министрлігімен кеңесіп, музейлерде сабақ өткізу мәселесін жан-жақты пысықтамақшы.

ДереккөзInform.kz