4 ақпан күні Алматы-Бішкек тасжолының 102-шақырымында жол-көлік оқиғасы болды. Бұл туралы облысытқ ПД хабарлап отыр.
Алдын ала мәліметтер бойынша, Chevrolet Cobalt жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып, Hyundai Elantra көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан екі жүргізуші мен Hyundai Elantra жолаушысы оқиға орнында қаза болды.
Chevrolet Cobalt көлігінің жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдық режимін бұзбауға және жолда аса мұқият болуға шақырады, – делінген хабарламада.