Басты бетЖаңалықтарАлматыда ақша бопсалаған екі блогер ұсталды

Алматыда ақша бопсалаған екі блогер ұсталды

Полиция қызметкерлері жәбірленушінің арызы бойынша кәсіпкер мен екі блогерді ұстады. Бұл туралы полиция хабарлап отыр.

Полиция мәліметінше, күдіктілер әлеуметтік желілерде компроматтар жариялаймыз деп қоқан-лоққы көрсетіп, 8 миллион теңге бопсалаған.

Сонымен қатар олар жәбірленушіні сот шешімімен кәсіпкер төлеуге міндеттелген 20 миллион теңгені талап етуден бас тартуға көндірмек болған. Күдіктілер 10 миллион теңге алып жатқан жерінен ұсталды, — деп хабарлады полициядан.

ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бопсалау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Толық