Басты бет / Жаңалықтар /
Кемпірқосақ, жауын

29 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Республиканың кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі, екпінді жел соғады, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы мүмкін.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының жекелеген аудандарында бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысында тұман болады.

Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман болады.

Шығыс Қазақстан, Ақмола, Маңғыстау, Атырау, Павлодар облыстарында жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Түнде және таңертең Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде топырақ беткейінде үсік сақталады.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook

Мақалаға пікір қосыңыз