Димаш Құдайберген туралы кітап шықты

Ол өзінің фэйсбук парақшасында: «Музыка туралы тек музыкатанушылар жазсын деген ереже бар болса, мен ол ережеден кешірім сұраймын. Димаш жан дүниеміздегі жансыз қалған дүниелерімізді қозғап жіберді. Біз Димашты тыңдай жүріп, ән тыңдаудың да жаңа орбитасына көтерілдік. Димаштың имиджі жайлы жазбау мүмкін болмай қалды. Димаштың өнеріне қол соққан қол шапалағымыздың үні күллі әлемді жалт қаратқандай. Біз тіпті Димаш арқылы өзімізді басқаша сезіне бастадық. Ал Димаштың өзі шеберлігін қалай шыңдады? Жас таланттарды қабілетін сындырып алмай, шеберлік шыңына жеткізуге бола ма? Менің «Димаш» атты эссе-кітабым осы және басқа да мәселелерді қозғады. Ой қосып, пікір бөліскен Димаштың ата-анасы Қанат пен Светланаға зор алғысымды айтамын. Бұл жаңа туындым өлең емес, эссе. Жоғарыда айтылған мәселелерді қозғаған жаңа стильдегі дүние. Оқимын десеңіз – мархаббат. Таяу күндері «Меломан», «Flip.kz» кітап сауда желісі арқылы сауда орындарына түседі. Мұндай желідегі дүкені жоқ қала, ауылдардағы оқырмандарым фейсбук, инстаграм желілері арқылы жекеге өзіме хабарласса болады, көмекші қыздарым сатуды ұйымдастырып жатыр»,– деп жазды.

Естеріңізге сала кетейік, Димаш Қытайдан үлкен жеңіспен елге оралған еді. Әншіні Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы арнайы қабылдап, батасын берді.

Мамыр айында әнші Францияда өтетін Канн фестивалінде құрметті қонақ ретінде ән шырқайды деп күтілуде.

ДереккөзMassaget.kz

1 пікір

  1. Дұрыс-ақ!!! Димаштың осылайша жасындай жарқ етіп шыға келгені қандай жақсы болды!! Ең бастысы Әнші деген қандай болуы керек екенін білмей, қайдағы мен жайдағыны тыңдап, адасып, «әй бұның несі жақсы?» десең, «Ойбай-ау бұл жұлдыз ғо!!!» деп өзіңмен дауласа кететін жастарымыздың әншілік туралы түсінігін өзгертуге жақсы болды. Өйткені есі дұрыс адам тыңдай алмайтын әнші-сымақ, сайқымазақтар қаптап кетті, не сауат жоқ, не білім жоқ, не дауыс жоқ, ең бастысы- ұят жоқ, әй осындай шатпақты «ән» деп, осындай деңгейді «әншімін» деп эфирге шығарудың өзі ұят болар деп тыныш жүруге өрелері жетпейтін надандар шаршатып жіберді, оларға «ау, мынауың түкке тұрмайтын дүние ғой, бұны эфирге шығаруға тұрмайды ғой» дейтін адам жоқ! не болса соны жариялай беретін әлеуметтік желілерді былай қойғанда олар телеэфирді жаулап алып, еліміздің небір қасиетті сахналарында ойнақ салып, өнерді де өнер шаңырақтарын да мазақ етуде. Құдайға шүкір, Димаштың өнері өрге жүзсін!!!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да