Республиканың кей жерлерінде найзағай, тұман күтіліп, екпінді жел соғады, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы ықтимал.
Атап айтқанда, Алматы облысының кей жерлерінде 18-23 м/с жылдамдықта жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей аумақтарында 15-20 м/с жылдамдықта соққан желдің екпіні, таңертең және күндіз Жамбыл облысында 25 м/с жетеді.
Жекелеген жерлерде бұршақ күтіледі. Қарағанды, Қызылорда, түнде және таңертең Ақмола, күндіз Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысында оған шаңды дауыл қосылады.
Солтүстік Қазақстан облысының жекелеген жерлерінде тұман болжанады, күндіз жел 15-20 м/с артады.
Қостанай облысының түнде және таңертең кей жерлерін тұман басады.
Сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысында түнде топырақ бетінде үсік жүреді. Қарағанды облысының оңтүстік- шығысында өрт қаупінің жоғары деңгейі күтіледі.
