Басты бетЖаңалықтарАбай облысында...

Абай облысында боранға байланысты көлік қозғалысы шектелді

Қазіргі уақытта Абай облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты кей жолдар жабық тұр. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, боран соғып, жолдың дұрыс көрінбеуіне байланысты екі учаскеде көлік қозғалысына тыйым салынды.

«Атап айтқанда, «Мақаншы–Жалаңашкөл» тасжолының 0-133 шақырымы, «Мақаншы–Үшарал» тасжолының 0-48 шақырымы көліктің барлық түрі үшін жабық тұр. Жүргізушілерден сақтық шараларын қаперде ұстауды және бұл ақпаратты жол жүру жоспарында ескеруді сұраймыз, — делінген хабарламада.

Осы ретте, полицейлер жабық жол учаскесімен жүріп кеткен жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертті.