27 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктердің болжауынша, Жамбыл облысының кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23 м/с дейін күшейіп, күндіз кей жерлерінде найзағай ойнайды.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетіп, найзағай түсіп, бұршақ жауады.

Павлодар, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Алматы облыстарының кей жерлерінде жел күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Қарағанды, Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түседі деп болжануда.

Павлодар, Қарағанды, Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күн күркірейді. Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында өте жоғары өрт қаупі күтіледі.

ДереккөзBaq.kz