Алматының үш ауданында екі күн су болмайды

Жөндеу жұмыстары Төле би мен Әл-Фараби даңғылы және Абылай хан мен Зенков көшелерінің аралығында болады. Сондықтан «Алматы су» холдингі жөндеу жұмыстарына қатысты тұрғындардан су қорын молынша құйып алуларын ескертіп отыр. Суық су 27-ші және 28-ші сәуірде тоқтатылады.

«27-ші сәуірде сағат тоғыздан 28-ші сәуір күні сағат таңғы тоғызға дейін суық су өшіріледі. Себебі Алмалы, Бостандық және Медеу аудандарында, Желтоқсан көшесі мен Ганди жерінде жұмыстар жүріп жатыр», — деді «Су желісі» МКМ бас инженері Шамшатдин БАҚТЫҒАЛИЕВ.

«Су желісі» МКМ баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған аудандардағы білім және денсаулық орталықтарына су тасушылар тұтынушылардың сұранымы бойынша ауыз су жеткізетін болады.

 

ДереккөзBaq.kz

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да