Басты бетЖаңалықтарБиыл Алматыда...

Биыл Алматыда 2 мыңға жуық шетел азаматы депортацияланды

Алматыда заңсыз жұмыс істеуге келетін шетел азаматы көбейген. Бұл туралы Алматы қаласының полиция департаменті хабарлап отыр.

Полиция мәліметінше, жыл басынан бері Алматыда 14 712 шетел азаматы Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғандары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ал 1 737 шетелдік құқықбұзушы соттың шешімімен елден депортацияланған.

Алматыға заңсыз жұмыс істеуге көбінесе көршілес Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, сонымен қатар Африка кұрлығы елдерінің азаматтары келеді. Олар кұрылыс, қызмет көрсету, сауда-саттық, тамақтандыру салаларында жұмыс істейді, — делінген хабарламада.

Алматы қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметіне сәйкес, өткен жылы Алматыда заңды тұлғаларға шетелден жұмыс күшін тартуға 1 242 квота бөлінсе, биыл 832 бірлік рұқсат берілген.