«Қазпошта» кассирлері 80 млн теңгеден астам қаржы жымқырған. Бұл туралы Алматы прокуратурасы хабарлады.
Тергеу барысында «Қазпошта» АҚ кассирлері түбіртектерді бұрмалау арқылы төленген мемлекеттік баж салығының бір бөлігін заңсыз иемденгені анықталды. Қылмыстық схема 2021 жылдан 2023 жылға дейін төлқұжаттар мен жеке куәліктерді рәсімдеу кезінде жүргізілген, – делінген хабарламада.
Алматы облысының прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.