Қазақстан мектептеріне Робот техникасы пәні енгізілуі мүмкін

Мектептерге робот техникасын енгізу — негізгі міндеттердің бірі.

«Біз әлемнің басқа елдерінен қалып кетпеу керекпіз. 2016 жылы жергілікті бюджеттің қаржыландыруы мен демеушілік қолдаудың арқасында 400 сыныптық-кешендік робот техникасын сатып алдық. 20 мың бала қосымша сабақ алды. Биыл оқушылар санын екі есе арттыруды жоспарлап отырмыз», — деп келтіреді Ерлан Сағадиевтің сөзін баспасөз қызметі.

Олардың хабарлауынша, министрлікте қазір бұл мәселе зерттеліп жатыр.

RoboLand халықаралық роботтехника фестиваліне 800 баладан құралған 400 команда қатысып, 24 номинация бойынша бақ сынасқан.
ДереккөзInform.kz