Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 476-480 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 12 тамызға арналған ресми бағамы — 1 долларға 477,04 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,37 теңге. Еуро — 520,78
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 471,1 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 479,3 теңге. Еуро 521-525 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы — 476 теңге, сатып алу құны — 480 теңге. Еуро 518 теңгеден сатылып, 523 теңгеден сатып алынады. Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,35-5,50 аралығында саудаланып жатыр.