Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 475-479 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 9 тамызға арналған ресми бағамы — 1 долларға 477,14 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,49 теңге. Еуро — 521,28
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 475,9 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 478,1 теңге. Еуро 520,5-525 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы — 475 теңге, сатып алу құны — 479 теңге. Еуро 517,89 теңгеден сатылып, 523,03 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,38-5,53 аралығында саудаланып жатыр.