Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Бүгін үш қалада ауа ластанады

Фото: Inform.kz
Бүгін Қазақстанның үш қаласында жайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасып, ауа ластанады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК синоптиктері хабарлады.

2024 жылғы 10 шілдеде Астана, Петропавловск, түнде Атырау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.