Тимурбек Жамаладдиновке ерлігі үшін ЖОО гранты табысталды

«Жалғыз өзі қызды құтқарған Тимурбек Жамаладдиновтың ерлігіне барлық қазақстандық тәнті болды. Ол ерекше ерлік жасады, мұны елеусіз қалдыруға болмайды. Қазір ол Түрген ауылындағы Қонаев мектебінің 11-сынып оқушысы. Ол оқуды аяқтап, аттестат алған соң Алматы облысы әкімдігінің гранты бойынша Қазақ Ұлттық аграрлық университетке түседі, биыл бұл грант бойынша 357 бала оқып жатыр», — деп мәдімдеді облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар.

Еске сала кетейік, 8 жасар қызға шабуыл 14 сәуірде жасалған болатын. Кейін осы ауданның 32 жастағы тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Соталды тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі бойынша жүргізіліп жатыр. Қазір 2008 жылы туған қызға қажетті медициналық қызметтер кешені көрсетіліп жатыр екен.

ДереккөзTengrinews.kz