Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 15 маусымда еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, республиканың шығысында және орталығында күн күркіреп, бұршақ, нөсер жаңбыр жауады.
Еліміздің батысы мен оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша жел күшейеді, түнде солтүстікте тұман түседі.
Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қостанай облыстарында күндіз қатты ыстық болады.
Ұлытау, Жамбыл, Алматы облыстарында, Батыс Қазақстанда, Ақтөбе облысы орталығында, Маңғыстау облысының жағалауында, Ақмола облысының оңтүстік-батысында, Жетісу облысының батысында, Абай облысының орталығында, оңтүстігінде, Қарағанды облысында, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Қызылорда облысының солтүстік-батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда облыстарында, Батыс Қазақстанның батысында, Ақтөбенің оңтүстігінде, батысында, шығысында, Жамбылдың оңтүстігінде, Алматы облысының орталығында, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде, Жетісу облысының шығысында төтенше өрт қаупі бар.