«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады. 10 маусымда еліміздің бірқатар облыстарында қатты ыстық күтіледі.
Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуімен ҚР территориясының басым бөлігінде әлі де тұрақсыз ауа райы сақталады. Найзағаймен жаңбыр, еліміздің солтүстігінде – қатты жаңбыр жауады, бұршақ, дауыл күтіледі. Республика бойынша жел күшеюі мүмкін.
Күндіз Алматы, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында, Жетісу, Ұлытау, Жамбыл облыстарында, Ақтөбе облысының және Абай облысының оңтүстігінде, Түркістан облысының шөлді аудандарында қатты ыстық күтіледі.
Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында және Жетісу, Ұлытау облыстарында, Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, Қостанай, Батыс Қазақстан, Абай облыстарының оңтүстігінде, Қарағанды, облысының оталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Атырау, Түркістан облыстарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Қызылорда облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Жамбыл облысының шығысында, батысында төтенше өрт қауіпі күтіледі.